BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

47 келі дәрі, 35 литр ішімдік, 200 келі балық. Шекара бұзатындар азаймай тұр

Астана, BAQ.KZ. Шекарашылар өткен тәулікте ел аумағына заңсыз дәрі-дәрмек пен спирттік ішімдік кіргізуге, елден тоңазыған балық шығаруға тосқауыл болды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Оңтүстіктегі Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек-авто» өткізу бөлімшесінде шекарашылар 19 жастағы қазақстандықты ұстады. Ол «Тойота Камри» автокөлігімен елімізге Өзбекстанда шығарылған, жалпы салмағы 47,2 кг дәрі-дәрмекті ешқандай құжатсыз әкеле жатқан екен. Жүгі актіленіп Қапланбек кеден бекетіне тапсырылды" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Батыстағы Бейнеу шекара отрядына қарасты «Тәжен-авто» өткізу бөлімшесінің шекара наряды жекеменшік «Лада Ларгус» автокөлігімен Өзбекстаннан келе жатқан 32 жастағы Қазақстан азаматының автокөлігін тексеру барысында заңсыз әкеле жатқан 35 литр спирттік ішімдікті тауып, актілеп, «Тәжен» кеден бекетіне тапсырды.

"Қордайлық шекарашылар «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінде біздің елден Қырғызстанға қарай жаяулатып кетіп бара жатқан 46 жастағы қазақстандықты және 29 жастағы қырғызстандықты ұстады. Олар ешқандай рұқсат құжаттарынсыз, 200 кг көлеміндегі тоңазыған форель балығын өздерімен алып өтпек болыпты" - дейді шекара қызметі.

Өзен байлығы актімен Қордай аудандық ветсанитарлық инспекциясына тапсырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер