BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, содан шауын-шашын жауады.

Республиканың кей жерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын, жел күшеюі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20, түнде және таңетең екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20, Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с соғады, бұрқасын болады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер