Фото: интернеттен
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аймығының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, шығысында ауа райы жауын-шашын болмайды. Кей жерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, Қостанай облысында, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде желдің 15-25 м/с, күндіз кей жерде желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман бақыланады.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қызылорда облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Алматы облысының кей жерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің 15-28 м/с күшеюі мүмкін.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!