BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2018 жылы Астанада төрт жаңа автобус бағдары іске қосылды

Фото: astana.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Қоғамдық көлікті қолданушылардың сұранысына сәйкес тағы сегіз маршруттық схема кеңейтілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Астана LRT» ЖШС қоғамдық көлікті жаңғырту аясында 2018 жылы төрт жаңа бағдар іске қосылғанын хабардар етті. Олардың біреуі – қалалық, біреуі – экспресс және екеуі – қала маңы бағдарлары. Бұл: №1А маршрут («Кирпичный» ТА – «Шұбар» шағын ауданы); №104 (Сусамыр көш. – «Азия парк» СОО); №317 («Алай» СО – Софиевка ауылы); 318 (№2 Ақм.обл. ауруханасы – Малотимофеевка ауылы) бағдарлары.

Қоғамдық көлік пайдаланушылардың тілектері мен жүргізілген сараптаманың қорытындылары ескеріле келе, қолданыстағы қалалық маршруттардың сегіз схемасы іске қосылды.

Осының нәтижесінде «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын алаптарындағы жаңа жолдар, Мамандандырылған ХҚО, «Барыс-Арена», «Оқжетпес» көшесі, «Жағалау-4» ТК, Сусамыр көш, Шұбар шағын ауданы сияқты маңызды нысандар мен аудандар байланыстырылып, көліктік қолжетімділікпен қамтамасыз етілді.

№4 автобус бағдары «Көктал-2» ТА-ғы жаңа көшелерге қызмет көрсетсе, №7 бағдар «Жағалау-3» ТК аялдамасына дейін, №11 бағдар «Кирпичный» т\а дейін, №40 бағдар Тұран даңғылына (СК «Барыс-Арена») дейін ұзартылды. №72 бағдар Оқжетпес көшесіне қызмет көрсете бастады. Ал № 102 автобус «Көктал-2» тұрғын алабындағы жаңа көшелердің бойымен «Мамандандырылған ХҚО» аялдамасына дейін жүреді, № 46 бағдар да «Көктал» тұрғын алабындағы жаңа көшелерге, ал № 54 бағдар «Көктал-1» тұрғын алабының жаңа көшелеріне қызмет көрсетеді.

Астананың қоғамдық көлік желісі 84 бағдардан тұрады. Олардың 61-і – қалалық, 7-і – экспресс және 16-сы қала маңына қатынайтын бағдарлар.

Күн сайын қалалықтарға қызмет көрсетуге 844 автобус шығады. Олардың 735- і – қалалық, 47-сі – экспресс, 62-сі – қала маңына қатынайтын автобустар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер