BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

2018 жылдың ең үздік 5 смартфоны аталды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы, BAQ.KZ. Технология тақырыбында жазатын танмыл Fortune журналы 2018 жылдың ең үздік смартфондарын атады. Басты критери ретінде өнімділік, дербестік және камерасының сапасына мән берілген.

Сонымен журналдың бағалауы бойынша бірінші орынды iPhone XS Max иеленген. Оның жалғыз кемшілігі ретінде бағасы аталған. Есесіне журналистер оның үлкен сапалы дисплейін, жоғары өнімділігін, сапалы камерасын және қосымша мүмкіндіктерін жоғары бағалаған.

Екінші орынды көптеген бағдарламалық мүкіндікке ие Google Pixel 3 алған. Оның дыбыстық көмекшісі, Night Sight түсірілім режимі мен спам-қоңырауларды бұғаттау бағдарламалары бірегей деп танылған.

Ал, Huawei Mate 20 Pro үшінші орыннан көрінген. Сапалы бейне түсіру мен жасанды интеллект, өнімділік пен энергия қолдануды бақылап отыратындығы оң бағаға ие болған.

Төртінші орынды OnePlus 6t смартфоны иеленген. Экранды саусақ ізімен ашу, Night Scape түңгі түсірілім режимі және сапасы мен бағасының сәйкестігі жоғары бағаланыпты.

Сондай-ақ бұл бестікті Samsung Galaxy Note 9 түйіндеген. Оның үлкен сапалы дисплейі және Galaxy Dex док-станциясына қосылу мүмкіндігі назардан тыс қалмаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер