Фото: zakon.kz
Астана, BAQ.KZ. Бүгін 1 қарашадан бастап "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", Заңына сәйкес, елтаңбаға енген өзгерістер заңды күшіне енді. Бұл туралы zakon.kz сайты жазды.
Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын қарпінде «QAZAQSTAN» болып өзгертілді. Бұл Елтаңбаға енгізілген алғашқы өзгеріс емес. Бұдан бұрын 2017 жылы пантон түсі халықаралық Lab түс гаммасына ауыстырылған еді.
Биыл 12 қыркүйек күні Ғылыми техникалық комиссияның отырысы өтіп, Мемлекеттік Елтаңбаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Еліміздің Елтаңбасы, әмбеге аян, 1992 жылы қабылданды. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!