BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

19 мыңнан астам өнеркәсіп қауіпсіздігі талабы бұзылды – ИДМ

2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен комитеттің аумақтық департаменттері бекітілгени кестеге сәйкес 608 тексеру жүргізді. Оның барысында 7 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысан тексерілген, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі қауіпті өндірістік нысандарға тұрақты түрде бақылау жүргізеді.

Кестеге сәйкес тексерулермен қатар, 445 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның 354-і бұрын берілген бұйрықтардың орындалуын бақылау, 39-ы мемлекеттік органдардың (прокуратураны қоса алғанда), 10-ы жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша және 42 басқа мәселелер бойынша тексерілді. 4999 нысан жоспардан тыс тексеруден өтті.

Тексеру қорытындылары бойынша, 19130 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Қостанай облысы сотының шешімі бойынша өрескел заң бұзушылықтарға жол берген 422 нысан мен бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды (Денисов аудандық сотының 16.02.18 ж. № 3940-18-00-3 / 66 қаулысы).

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сүйенсек, барлығы 967 әкімшілік айыппұл салынған екен. Оның 584-і заңды тұлғаларға, 383-і жеке тұлғаларға салынған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер