Сәкеннің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бейнежазбасы табылды - Қоғам қайраткерлері|28 Қыркүйек 2018, 20:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сәкеннің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бейнежазбасы табылды

Белгілі қазақ ақыны Жеңіс Қашқыновтың баласы, аудармашы, журналист Ернат Қашқынов Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арналған Республикалық мүшәйраның бейнежазбасын Сәкен Сейфуллин музейіне тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл бейнетаспа әкемнің жеке мұрағатынан табылды. Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арналған Республикалық мүшайра Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының орталығы Атасуда 1994 жылы ұйымдастырылған" - дейді бейнетаспаны тапсырған Ернат Қашқынов.

Сәкен Сейфуллин музейінің директоры, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы бейнетаспаны ерекше қуанышпен қабылдап, рухани мәні зор құнды дүниені музейге табыс еткен Ернат Қашқыновқа шексіз алғысын білдірді.

"Бейнежазбада жыр додасында өлеңдерін оқыған 25 ақынның бейнесі бар. Зырлаған уақытта тұрлау барма десеңізші. Содан бері ширек ғасыр өтті. Сондағы жыр додаға қатысқан Ғафу Қайырбеков, Асқар Егеубаев, Кәкімбек Салықов, Жеңіс Қашқынов қатарлы ақындар бүгінде бақилық болған. Рухани қазынаға және әкеден қалған мұраға ойламмен қарайтын Ернат Қашқыновтың еңбегіне ел риза болары анық. Өткен тарихтың куәсіндай болған аталмыш бейнетаспа алдағы уақытта ел кәдесіне жарары сөзсіз" - дейді музей директоры Несіпбек Айтұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер