Мырзатай Жолдасбековтың жастық шағына арналған фильм жарық көрді - Қоғам қайраткерлері|05 Шілде 2017, 14:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мырзатай Жолдасбековтың жастық шағына арналған фильм жарық көрді

Кеше «Думан» қонақүйінің кинозалында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің өміріне арналған «Дүние, шіркін» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм режиссері Ілияс Ысқақов бұл фильм жазушының жастық шағына арналған тың туынды екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Режиссер деректі фильм қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып келе жатқан «Күндерімнің куәсі» атты күнделіктері негізінде түсірілгенін айтады.

«Мырзатай ағамыз туралы осыған дейін түсірілген деректі фильмдердің барлығына ол кісінің мемлекет үшін істеген істері, қайраткерлігі әрі дипломатиялық жұмыстары арқау болған. Ал біз түрколог ғалымның балалық шағын, студенттік жылдары мен ғылымға алғаш қадам басуы жайлы деректерді көбірек қамтыдық», дейді режиссер Ілияс Ысқақов.

Жаңа фильмде Мейрамбек Бесбаевтың орындауындағы Мырзатай Жолдасбековтың «Дүние, шіркін» әні орындалған. Деректі фильмді көруге зиялы қауым мен ақын-жазушылар және БАҚ өкілдері барды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
02 Қазан 2017, 09:57
Пенде сыры
Пікірлер