Интернационал атауы сызылып, Қайым Мұхамедхан есімі бекітілді - Қоғам қайраткерлері|31 Қазан 2016, 09:51
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Интернационал атауы сызылып, Қайым Мұхамедхан есімі бекітілді

Семейде өткен жиында ономастика комиссия мүшелері мен маслихат депутаттарының мақұлдауымен қала орталығындағы Интернационал көшесі абайтанушы, шәһкәрімтанушы, Алашорда азаматтарының өмірі мен шығармаларын терең зерттеп, қазақ әдебиеті мен тарихының сақталуына, оның дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым-ұстаз Қайым Мұхамедхан Сейітқұлұлының атына берілді.

Осыдан біраз уақыт бұрын бұл бастаманы Дина Қайымқызы көтеріп, оған бірқатар қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, журналистер үлес қосқан болатын. Ағымдағы жылдың басында ШҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы Ерлан Жақыпов аталмыш мәселені облыс басшысы Даниал Ахметов өз бақылауында ұстап отырғанын, жыл соңына дейін тиісті шаралар атқарылатынын мәлімдеген еді.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы әрі ғалымның туғанына 100 жыл толуына орай бұл жаңару семейліктер үшін ғана емес, жалпы қазақ халқы үшін тамаша сый болып отыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қайым Мұхамедханның атына Өскемен қаласынан да көше атауын беру мәселесі қаралып жатыр.

Азамат Битан


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер