Миллиардты жылатқан қандасымыз Астана күнімен құттықтады - Қытай қазақтары|04 Шілде 2017, 13:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Миллиардты жылатқан қандасымыз Астана күнімен құттықтады

Фото: ФОТО: Скриншот

«Дудар-ай» әнімен қытайлық өнер жұлдыздарының көзіне жас алдырған Қытайдағы қазақ әншісі Тасқын Табысұлы Baq.kz сайты арқылы барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

Естеріңізде болса, Тасқын Табысұлы 2013 жылы Жыжияң телеарнасы ұйымдастырған «Қытай дауысы» тележобасының екінші маусымына қатысқан болатын. Жарыс кезінде ол қазақтың «Дудар-ай» әнін шырқап, Қытайдың әйгілі әншілерін әсем дауысымен тәнті еткен еді.

Қытай мектебінде оқып, Үрімжідегі Шыңжаң университетінің математика факультетінен білім алған ол қазіргі кезде отбасымен Бейжің қаласында тұрады. Ол күні бүгінге дейін өзінің ең үлкен жеңісін миллиардтар елінің сахнасында қазақ әнін шырқауы деп біледі.

Кеше ғана ЭКСПО-2017 көрмесінде өткен Шаңхай апталығында Қытай делегаттарының қатарында келген Тасқын Шаңхайдың танымал әншісі Люлиянмен бірге тағы да «Дудар-ай» әнін шырқады.

ВИДЕО: Абзал Қалиев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер