Қазақтың әжелері миллиардтар елін өнерімен таңғалдырды - Қытай қазақтары|19 Шілде 2017, 10:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақтың әжелері миллиардтар елін өнерімен таңғалдырды

Фото: kazakcnr.com

Шаңхай сахнасында өнер көрсеткен қазақ әжелер миллиардтар елін таңғалдырды.

Шаңхай аспанында әуелеген әжелер әніне таң қалмаған жұрт, тамсанбаған тәлімгер қалмады. Жастары 70-тен асқан ақ кимешекті әжелер «Өнерлі қытайлықтар» сайысында сырмақ тігу, ұршықпен жіп иіру, жүн сабау сияқты ұлттық қолөнерді көрсетіп, қазақтың қара өлеңін шырқады.

«Біз бұл сайысқа жолдама алған кезде қатты қуандық. Бірақ, өнер бәсекесінің талабы мен жүгі жеңіл болған жоқ. Бізге берілген 45 минуттың ішінде әжелеріміз ән айтып, би билеп, ұлттық дәстүрімізді танытатын сахналық қойылым қою керек болды. Онымен қоймай, жасы келген апалардың тілін қытай тіліне икемдеу де біраз қиындықтар тудырды. Ол кісілерді бір жағынан сахнаға дайындап, бір жағынан қытай тілінен дәріс бердім. Еңбек ақталды. Тамаша өнер көрсеткен тобымыз келесі кезеңге өтті»,-дейді «Асыл аналар» өнер тобының продюсері Ерсін Қизатұлы.

Асыл әжелердің өнеріне тәнті болған сайыстың қазылары Қытайдың танымал биші Хуаңдуду апаларға қосылып би билесе, әскери әнші Сайгуочиң сахналық қойылымды жоғары бағалады.

Шыңжаңның Тарбағатай аймағына қарасты Толы ауданындағы өнерлі әжелерден құралған бұл ансамбль Қытайдың үлкенді-кішілі сахналарында өнер көрсетіп жүргеніне ұзақ болмаған. Былтыр ғана «Асыл аналар» деп қайта құрылған өнер тобындағы ақ самайлы әжелердің ең үлкені 75-ке келген болса, ең жасы 62 жаста болып шықты. Яғни, әнші апалардың қатарында 75-ке келген Жаңыл Зукенқызы, 73 жастағы Қайша Шырақымқызы, 72-дегі Сағира Марданқызы, 67-ні алқымдаған Маман Мұқатайқызы, 66 жастағы Оралхан Қаймоллақызы мен Зайныш Ахметжанқызы, 65 жастағы Нұршат Қабдырахманқызы, 62-ге келген Қалима Омарбекқызы сияқты апалар бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер