BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жетісудің әсем табиғаты әлемге көркем фильм арқылы таныстырылады

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Қазақстан-Жапония бірлескен жобасы «Барымташылар» кинофильмінің түсіру тобымен кездесуінде белгіі болды. Фильмнің біраз картиналарын Алматы облысының аумағында түсіру жоспарланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы әкімдігінен хабарлағандай , Қазақстанда болған оқиғаның негізінде сценариі жазылған фильмнің басты рөлдерінде Канн фестивалінде ең үздік әйел рөлі сыйлығын жеңіп алған актриса Самал Есләмова, Дулыға Ақмолда және белгілі жапондық актер Мирай Морияма ойнайды.

Жобаның бас менеджері Қарлыға Сейсенованың айтуынша, түсіруші топ Алматы облысының бірқатар өңірлерін аралап қайтқан.

«Райымбек ауданының табиғаты киногерлерге ерекше ұнап, енді фильмнің біраз бөлігін осы аймақта түсірсек деген ойлары бар. Сонымен қатар Жетісу өңірінде кино түсіру оның туристік әлеуетін насихаттауға жақсы мүмкіндік болар еді деп есептейді. Себебі бұл фильм халықаралық кинофестивальдарға ұсынылатын және басты рөлді сомдайтын актерлердің танымалдығы жағынан киносүйер қауымның қызығушылығын туғызатын, көрілімі көп фильм болмақ», - деді ол.

Жапондық танымал продюсер, Tokyo Filmex кинфестивалінің негізін қалаушы Сёдзо Ичияма фильмге қаржылық демеушілік жасап отыр. Фильм тамыз-қыркүйек айларында түсіріле бастап, шамамен бір жарым айда толық аяқталады деп күтілуде.

ӨЗ кезегінде, түсіру тобы өкілдерін тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов картинаның облыс аумағында түсірілуіне қолдау білдіретінін айтты.

«Бұған дейін де облыс аумағында «Томирис» және басқа да танымал кинофильмдер түсірілді. Сонымен қатар BBC каналымен бірлесіп Жетісу табиғатының көркемдігін паш ететін ролик дайындалып, роликтің көрсетілімі жағынан шетелдіктер арасында да үлкен қызығушылық туғызды», - деді ол.

Бұдан басқа, аймақ басшысы бүгінгі кездесуде шығармашылық топтың өңірдің туристік тартымдылығын насихаттау туралы ұсынысын қандай формада, қандай мазмұнда жүзеге асыру керектігін нақтылап, идеяны ширату керектігін жеткізді. Қос тарап өзара әріптестік байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер