BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan-ның» мультхикаясы таныстырылды

Ригада басталған Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында «balapan» телеарнасының тапсырысымен Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы дайындаған «Шахмат патшалығы» анимациялық мультхикаясы таныстырылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған мультхикая 32 бөлімнен тұрады және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әзірленген. Жобаның мақсаты – сапалы 3D анимация жасау ғана емес, сонымен қатар, 4 жастан асқан балаларға шахмат ережелері мен негізгі қағидаларын үйрету және логикалық ойлау жүйелерін қалыптастыру.

Ашылу салтанатына ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов, Латвияның Қаржы министрі, халықаралық гроссмейстер Дана Резница, Латвияның Білім министрі, Рига қаласының вице-мэрі, белгілі жаттықтырушылар, танымал шахматшылар және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Айта кетерлігі, 30 тамызға дейін жалғасатын әйгілі шахмат додасына еуропалық 47 шахмат федерациясынан 1000-нан астам балалар қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер