BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Самал Еслямова Түркиядағы кинофестивальде үздік актриса атанды

Фото: sputniknews.kz

5 қазанда Антальяда 55 Халықаралық кинофестиваль марапаттарын тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлайды Baq.kz түрік агенттіктеріне сілтеме жасап.

Осы жылы кинофестивальде түрік кинематографтарының екі картинасын қоса алғанда, он фильм ұсынылды. «Үздік актриса» номинациясын «Айка» фильмінде басты рөлді сомдаған отандасымыз Самал Еслямова иеленді.

Сонымен қатар, «Капернаум» фильмінде ойнаған Заин әл-Рафеа «Үздік актер» атанса, жапониялық режиссер Хирокадзу Корээда «Дүкен ұрылары» картинасы үшін «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды. Ал ирандық режиссер Джафар Панахидің "Үш бейне" атты туындысы «Үздік фильм» атағына ие болды.

Еске салсақ, бұған дейін Самал Еслямова 71 Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер