BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскеменге Голливуд жұлдыздары келе жатыр

Фото: altaynews.kz

Өскеменде Голливуд жұлдыздарының қатысуымен халықаралық кинофестиваль өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ұйымдастырушысы ШҚО әкімдігі болса, фестиваль президенті – аймақ басшысы Данил Ахметовтің өзі.

Шарада бірінші болып өткен қыста голливуд жұлдыздарының қатысуымен түсірілген Шығыс Қазақстан жайлы материал көрсетіледі. Онан соң көшпенділер туралы фильмдерді тамашалайды көпшілік.

«Өскеменде бұрын-соңды болмаған ауқымды шара өтейін деп тұр. Фестивальге Голливуд жұлдыздары, қазақстандық және ресейлік танымал актерлер қатысады», - дейді фестиваль директоры Арман Асенов пен продюсер Еркен Ялгашев.

Шара 18-20 қыркүйек аралығында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер