BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Эмир Байғазин түсірген «Өзен» фильмі Венецияда «Үздік режиссер» жүлдесіне ие болды

Эмир Байғазин түсірген «Өзен» («Река») фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасында «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фильмнің әлемдік тұсаукесері 4 қыркүйекте өткен болатын. «Көкжиектер» (Горизонты) атты конкурстық бағдарламасында отандық фильмнен басқа кинематография саласы дамуының жаңа тенденцияларын ұсынатын көркем 18 авторлық туындылар қатысты. Мерейтойлы Венеция фестивалінің жеңімпаздарын 8 қыркүекте жариялады.

Атаулы «Үздік режиссер» жүлдесін – «Арыстанды» – фестивальдің марапаттау салтанатында Польша ко-продюсерінің өкілі Агнешка Пучило алды. Режиссер Эмир Байғазин марапаттау рәсіміне қатыса алмады, өйткені ол «Өзен» фильмін Торонто кинофестивалінде таныстыру үшін Канадаға арнайы барған болатын ( «Өзен» фильмі негізгі конкурстық «Платформа» бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі).

Айта кетсек, Эмир Байғазин бұл фильмнің сценарий авторы, режиссері, қоюшы операторы, продюсері, сонымен қатар картинаның монтаж жұмыстарын да өзі жасаған. Трилогияның соңғы бөлімінің (трилогияның алғашқы екі бөлімі – «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») және «Төрт оқиға» («Раненый ангел») фильмдері) жарыққа шығуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Польшаның кино институты және Sorfond (Норвегия) атсалысты. Бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантының қолдауына ие болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер