BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Эл Фриман» фильмінің режиссері Мадрид халықаралық кинофестивалінде «үздік дебютант» атанды

Фото: kazakhfilmstudios.kz

Шілденің 21 мен 28 аралығында өткен Мадрид халықаралық кинофестиваліне қатысқан «Эл Фриман» көркем фильмі «Үздік режиссер-дебютант» аталымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kazakhfilmstudios.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған картина «Көркем фильмдегі үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша да бақ сынады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Айта кетелік, картинаның режиссері Елжас Рақымбеков әр түрлі елден қатысып отырған 14 бәсекелесті, оның ішінде «#TAKEMEANYWHERE» фильмімен аталмыш номинациядан үмітті болған танымал голливудтық актер Шайа ЛаБафты да озып шыққан. Рақымбековтың дебюттік картинасы (шығармашылық лақап аты – Михар Сажле) Лос-Анджелесте америкалық билік өкілдерінен жасырынып жүрген иммигранттың басынан кешкендерін баяндайды.

«Біріншіден алғысымды туған-туыстарыма, жақындарыма және бізге соңына дейін сенім артып, қолдау білдіргендерге айтамын. Сондай-ақ, фильмді жасауға атсалысқандарға да рахмет деймін. Бұл тек бастамасы ғана», - дейді фестивальдің лауреаты Елжас Рақымбеков.

Film Fest International халықаралық тобына жататын Мадрид кинофестивалі форматы бойынша Лондон, Амстердам, Ницце, Берлин және Миландағы фестивальдерге ұқсас. Кинематографияның барлық белгілі жанрларына есігі ашық бұл фестивальде жас буын режиссерлерге, заманауи тенденциялар мен кино саласының дамуына ықпал жасайтын трендтерге аса көңіл бөлінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер