Екі мыңға жуық фильмге постер салған дизайнер қайтыс болды - Кино|21 Мамыр 2018, 10:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Екі мыңға жуық фильмге постер салған дизайнер қайтыс болды

Марқұм Билл Голд 70 жылдық карьерасында екі мыңға жуық постер салған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Голливуд фильмдеріне көптеген постер дайындаған америкалық дизайнер Билл Голд 97 жасында көз жұмды. Бұл туралы The Hollywood Reporter басылымы отбасы өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның өкілінің хабарлауынша, ол Коннектикут штаты, Олд Гринвич қаласындағы үйінде қайтыс болған.

Билл Голд «Касабланка» (1942 жыл), «Заводной апельсин» (1972 жыл), «Изгоняющий дьявола» (1973 жыл) және «Дж. Эдгар» (2011 жыл) сынды фильмдерге постер әзірлеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер