BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Бастау» кинофестиваліне өтінімдер қабылдау басталды

Астана, BAQ.KZ. VII «Бастау» халықаралық студенттік фильмдер мен киномектептер кинофестивалі 2018 жылдың қараша айының 5 мен 8 аралығында Алматыда өтеді.

Жыл сайын өтетін студенттік фильмдер мен киномектептер басқосуы Алматы қаласының әкімшілігі, «Бастау» халықаралық кинофестивалінің дирекциясы («Танарис Продакшн кинокомпаниясы» ЖШС), Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясы, «Тұран» университеті ұйымдастыруымен, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен өткізіледі.

VII Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің ұйымдастыру комитеті конкурстық бағдарламаларға ұсынымдар қабылдай бастағанын жария етті.

Іріктеуге Еуропа, Азия және Американың өндірісі 2017 мен 2018 жылдар аралығында аяқталған дебюттік және студенттік қысқаметрлі фильмдер(көркем, деректі, анимациялық) қабылданады.

Фильмнің ұзақтығы – 7 минуттан бастап 40 минутқа дейін (анимациялық фильмдерден басқа).

Ұсынымдар 2018 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады.

Фестиваль халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мәдени алмасу мен жас кинематографистер арасындағы байланысты орнату, Еуропа, Азия және Америка киномектептерінің студенттері мен ұстаздар құрамын жақындату мақсатында ұйымдастырылған.

Фестиваль аясында Еуропа, Азия және Американың белді кинематографистерінің қатысуымен шеберлік сабақтары, қазақстандық және шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер