BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Алтынемел» деректі фильмі Қытайда жүлдеге ие болды

Фото: kazakhfilmstudios.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Алтынемел» деректі фильмі ҚХР-ның Тайчжоу қаласында өткен Кино және туризм саласындағы азиялық өнер апталығында «Шетелдің үздік деректі фильмі» жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kazakhfilmstudios.kz сайтына сілтеме жасап.

Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағының бай табиғаты туралы баяндайтын деректі фильмнің авторы танымал фотограф-натуралист Олег Белялов.

Айта кетсек, «Алтынемел» деректі фильмі режиссердің алғашқы жұмысы. Сондай-ақ, Олег Белялов бұл картинаның сценарий авторы және қоюшы операторы.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр қараша айында «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қорымен бірлесіп, Қазақ деректі киносының күндері аясында «Алтынемел» деректі фильмнің көрсетілімі өткен болатын.

Кино және туризм саласындағы азиялық өнер апталығының ұйымдастырушылары: Қытайдың телевизиялық суретшілер қауымдастығы, Чжэцзян баспа, радио, кино және телевизия әкімшілігі және Тайчжоу үкіметі. Мәдени іс-шара Азия елдерінде туризмнің және кинематография саласының дамуына бағытталған. Биыл аталған шараға Франция, Ресей, Қазақстан және Жапония сынды 23 мемлекеттерден мыңнан астам кино және телебағдарламалар қатысқан.

«Алтынемел»

Алтынемел ұлттық табиғи саябағының ерекшелігі неде? Құрылғалы бері 20 жылдың ішінде не өзгерді? Туристер бұл аймаққа нені көру үшін баруы тиіс? Табиғаты бай Алтынемел саябағын заманауи техниканың көмегімен түсірілген әдемі фильмді тамашалай аласыз.
Алтынемел - Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ. Жер көлемі – 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер