BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалі өтеді

Фото: автордан

Алматы күніне орай ұйымдастырылған фестиваль барысында қала тұрғындары көптен күткен «Айка» фильмін тамашалай алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Алматыда қыркүйектің 15-19 аралығында қала әкімдігінің басмасымен және Astana Film Fund ұйымдастыруымен Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалі өтеді.

«Бұл жарқын кино мерекесі болады деген ойдамыз. Осы шараны өткізуде үлкен қолдау көрсетіп отырған Алматы қаласының әкімдігіне алғыс білдіргім келеді. Бұл еліміздің және қаламыз үшін мәдени әрі имиджді шара. Оған көптеген шетелдік танымал қонақтар келеді. Шараны өткізудегі мақсат – мәдени жақындасу және халықаралық жобаларды елімізге тарту. Алматы мен Алматы облысын кино түсіру алаңы ретінде көрсете білу. Сондай-ақ киноиндустрия ауқымын кеңейтіп, халықаралық деңгейге көтеру», -дейді Almaty Film Festival президенті Ақан Сатаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі байқауға 10 картина қатысады және «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» атты аталымдар бар.

Байқауға мына картиналар қатысады: «Рисуя жизнь» (Үндістан/АҚШ), «Омотэнаси» (Жапония/Тайван), «Ласковое безразличие мира» (Қазақстан/Франция), «Горизонт (Грузия/Швеция), «Хрусталь» (Беларусь/Германия/АҚШ/Ресей), «Аверно» (Боливия/Уругвай), «Отчеты о Саре и Салиме» (Палестина/нидерланды/Германия/Мексика), «Вулкан» (Украина/Германия), «София» (Франция/Германия), «Дышите нормально» (Исландия/Бельгия/Швеция).

Сондай-ақ байқаудан тыс «Мәдени және табиғи мұра, туризм мен спорт», «City in motion», «Отбасылық кино», «Ерекше көрсетілім» секциялары бойынша 21 фильм көрсетіледі.

«Байқауда халықарылық әділқазылар жұмыс істейді. Оның қатарында «Айка» фильмінің продюсері Гүлнәр Сәрсенова да бар. Сонымен қатар «Супермен», «Үш ноян» фильмдерінің продюсері француз Пьер Спенглер, неміс актрисасы әрі режисер Настасья Кински, француздық продюсер Марк Рускар бар. Және оңтүстіккореядан және америкадан әлемдік деңгейдегі кинорежисерлер мен продюсерлер келеді», -дейді Almaty Film Festival-дің бас директоры Елена Ларионова.

Продюсері Гүлнәр Сәрсенова, Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова ойнаған «Айка» фильмі қала тұрғындарына толықтай көрсетілетіндігін жеткізді.

«Көпшілік бұл фильмнен үлкен бір ерекшелік күтуде. Дегенімен бұл жеңіл-желпі қарай салатын блогбастер емес. Бұл әлеуметтік тақырыптағы фильм, сондықтан келушілер оған дайындықпен келгені жөн», -дейді продюсер.
Қала тұрғындары фестиваль аясындағы барлық фильмдерді «Люмьер» және «Достық» кинотеатрларынан тегін көре алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер