BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Альф» телехикаясының өңделген нұсқасы көрсетілмек

Сериалдың түпнұсқасы 1986-1990 жылдары төрт маусымға бөлініп көрсетілді. Жаңа жоба әзірге құрастырылып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Digital Spy сайтына сілтеме жасап.

Warner Bros. студиясы ерекше танымалдылыққа ие болған «Альф» телехикаясын қайта өңдеп шығармақ.

Телевизиялық шоудың сюжеті бойынша, Мелмак планетасынан келген бөгдепланеталық Таннерлер отбасының бір мүшесіне айналады. Альф өзін жылы қарсы алған отбасыға бауыр басып қалады. Алайда ол жақындарының мейірімділігін дұрыс бағаламайтын еді.

Альфті сериалдың құрушысы Пол Фаско сомдаған. Сондай-ақ, ол осы кейіпкерді дыбыстаған. Қазіргі таңда кинематографиске расизмді дәріптеді деген айып тағылып отыр. Яғни ол жаңа жобаға мүлдем араласпауы мүмкін.

Мамандар төрт маусымға жоспарланған сериалдың поп-мәдениетке айтарлықтай әсер еткенін жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер