BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Парижде ретроспектива барысында көрсетілді

2018 жылы қыркүйектің 5 мен 16 аралығында Парижде өткен француздың L’Etrange Festival кинофестивалі аясында режиссер Ержановтың фильмографиясы Focus атты арнайы секциясында көрсетілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Туындылар арасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірген «Риэлтор», «Үкілі кәмшат» және «Түн құдайы» фильмдері де бар.

Режиссер Әділхан Ержановтың айтуы бойынша, француз көрермені оның фильмдеріне қызығушылық танытқан. Келушілер саны көп болып, кезеккке тұрып күткендер де болған. Сонымен қатар, түрлі кәсіби кездесулер мен сұхбаттар жасаған.

«Француздар өнер мен киноны бразилиялықтар футболды түсінгендей түсінеді. Олар үшін өнер – ұлттық дәстүр. Сондықтан да кинодағы авангард сол жақтан тарайды. Кинодағы моданы Канн мен Франция жасайды. Ол жақтың көрерменімен сөйлесудің ғанибет. Олар синефилдер – қазақ киносында болып жатқан дүниелерден хабардар. Оларға шынымен де менің кином қызықты», - деді Ержанов.

L’Etrange Festival ширек ғасырға жуық уақыт өткізіліп келеді. Бұл фестиваль «ерекше, қайталанбайтын, сирек, жоғары деңгейдегі» фильмдерге арналған. Фестиваль бағдарламасында негізгі байқау (Ларс фон Триердің «Джек тұрғызған үй» фильмі көрсетілетін) мен қысқаметражды фильмдердің байқауынан бөлек, байқаудан тыс бағдарламада жапон жаңа толқынының фильмдерінің көрсетілімі, аңызға айналған Nikkatsu атты жапон студиясының фильмдірінің ретроспективасы, сондай-ақ «Жаңа таланттар», «Деректі кино» бағдарламалары бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер