А.Әшімов: Экраннан бес минут бойы сүйістіріп қоятын киноларды қысқарту керек - Кино|31 Қазан 2016, 21:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

А.Әшімов: Экраннан бес минут бойы сүйістіріп қоятын киноларды қысқарту керек

Фото: kinostan.kz

Бүгін Алматы қаласында өткен «Мәдениет бойынша заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы» жиында қазіргі театрлардың жағдайы талқыға салынды. Онда еліміздегі кейбір театрлар мен кітапханалардың мемлекет рұқсатынсыз жабылып жатқаны талқыланды.

Сондай-ақ, бұдан кейін театр орындары ашылса немесе жабылуы тиіс болса мәдениет министрлігінен рұқсат алса деген ұсыныс айтылды. Сонымен қоса, БАҚ өкілдері мен халықтың сұрауы бойынша, кинодағы бейәдеп сөздерге тыйым салу туралы заң да талқыға салынды. Осы орайда ҚР еңбек сіңірген театр әртісі Асанәлі Әшімовке сөз кезегі беріліп, абыз әртісіміз былай деп әзіл-шыны аралас пікір білдірді:

«Олжас екеуміз сексен жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келе жатыр екенбіз. Сонда да өнер үшін еңбек етіп, шығармашылықпен айналыстық. Ал қазір заң басқа, бізге нақты заң керек. Кей жағдайда ғана өзгерістер енгізбесек. Ал кинодан цензуралы сөздерді алу деген заң бар екен. Ондағы эмоцияны білдіретін кино тілін қысқарту, бүркіттің тырнағын алумен бірдей. Жаңа филологтар тарапынан айтылған ер адамның, әйел адамның жыныс мүшесіне қатысты сөздерді алып тастау керек деген пікірге қолдау білдіремін. Қазіргі жастар өмірдегі төсек пен өнердегі шығармашылықты шатастырып алып жатады, экран алдында бес минут бойы сүйістіріп қоюды доғару керек. Ондай киноларды әйеліңмен көрерсің жарайды, ал бала-шағамен қалай қараймыз?! Сондықтан осы жағын заңдастырған дұрыс болар».

Жоғарыда айтылған ұсыныстарға қарсы шығушылар болмады, енді бұл заңдар үкіметте талқыға салынып, билік бір шешім шығаратын болып тарасты.

qamshy.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер