«Жиырма игі іс» аясында 752 отбасыға көмек көрсетілді - ҚХА|23 Ақпан 2015, 10:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жиырма игі іс» аясында 752 отбасыға көмек көрсетілді

Астана. 23 ақпан. Baq.kz – Жуырда ғана «Нұр Отан» партиясының жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымының өкілі Нәзипа Ыдырысқызы Ассамблеяның 20 жылдығын атап өту іс-шараларына қатысты баяндама, жасап, "Жиырма игі іс" шарасы аясында Ақмола облысында 752 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілгендігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыл­дығын атап өту Ассамблеяның құрылымдық деңгейде тойланатын тойы емес, еліміздің 20 жылдағы жеткен жетістіктерін паш ету, - деген ол, айтулы жылдың басты мақсаты «Менің елім – Мәңгілік Ел» деген тақырыпқа бағытталып отырғандығына тоқталды.

- Атқарылатын шаралардың негізгі бөлігі «Жиырма ізгілікті іс» деп аталса, сол ізгілікті істің бастауы ретінде Түркістандағы Киелі қазан – Тайқазан бірқатар облыстарды аралауда. Мысалы, сондай шараның барысында Ақмола облысында 752 әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 17 миллион 170 мың теңгенің көмегі көрсетіліпті. Жиһаз, отын, киім немесе тұрмыстық техника әперу сияқты игі істермен көрініс тапқан. Енді негізгі жоспар бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясына дейін Тайқазан бүкіл Қазақстанды аралап, Астанаға жеткізілуі тиіс, - деді Нәзипа Ыдырысқызы.

Жалпы, биыл Ассамблеяның 20 жылдығы әр-түрлі іс-шаралармен ұласып, желтоқсан айында Астанада өзінің мәресіне жетеді деп күтілуде.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер