З.Құрманәліқызы: Біздің мақсат қазақстандықтарды бірлікке шақыру - ҚХА|08 Ақпан 2015, 12:06
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

З.Құрманәліқызы: Біздің мақсат қазақстандықтарды бірлікке шақыру

Астана. 8 ақпан. Baq.kz – Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында бүгінгі күні 18 этностың басын біріктіріп отырған «Сығанақ» этномәдени орталығы жұмыс істеп келеді. Орталық жетекшісі Зүлфия Құрманәліқызы бұл бірлестіктің басты мақсаты қазақстандықтарды ауызбіршілікке шақыру дейді.

«Сығанақ» этномәдени орталығының биылғы Қазақстан халқы ассамблесының 20 жылдығын атап өтуге байланысты көптеген түрлі-түрлі шараларды дайындап қойғандығын айтқан ол:

- Біздің орталықта қолөнер бұйымдарының көрмелері, халық әндерінің фестивальдері мен концерттері, жастармен әңгіме өткізіліп, түрлі ұлт өкілдері өзлерінің ұлттық тағамдарымен таныстырулар өтуде. Басты мақсатымыз - әрбір қазақстандыққа біздің елімізде тұрып жатқан этностардың көпқырлы мәдениетімен таныстырып оларды бірлікке, достыққа, толеранттылыққа шақыру болып табылады. Біздің адамдар өте тату, мерекені жақсы көреді және оны өз деңгейінде атап өте алады. Біз Қазақстан халқы ассамблесының 20 жылдығына арналған салтанатты шаралардың барлығына өз үлесімізді қосқымыз келеді, - деп атап өтті. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер