BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

V шақырылымда ҚХА депутаттары 38 отырыс өткізді – Е. Каппель

Астана. 5 маусым. Baq.kz – Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты әрі Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттық топ мүшесі Егор Каппель V шақырылымда ҚХА депутаттары 38 отырыс өткізді деп мәлімдеді.

 

- Жалпы, V шақырылымда ҚХА депутаттары 38 отырыс өткізіп, 423 заң жобасының талқылану отырысына қатысты. Осы отырыстар аясында 3 063 заңға түзету мен ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ, олар 151 депуттатық сауал жолдап, 317 бірлескен депутаттық сауал жариялауға белсенді қатысты, - деді депутат.

Сондай-ақ, еліміздегі Мәжіліс қабырғасында өзге этностардың мүддесін көздейтін қалаулылар өз қызметтерін атқару барысында мемлекеттік органдар мен министрліктерге, мекемелерге 1 134 ресми хат жолдаған.

Айта кетейік, биыл елімізде Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтіп жатыр. Айтулы мерейтой аясында республиканың барлық аймағында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Көпшілігі халықтың әлеуетін, руханиятын арттыруға бағытталған. ҚХА Төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, Ассамблея жылы аясында жыл соңына дейін мыңдаған шара өткізілетін болады. Олардың қатарында, ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге атсалысу сынды шаралар бар.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер