Үнемдей отырып, ұлт татулығын сақтаймыз – Н. Митчинова - ҚХА|13 Ақпан 2015, 10:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үнемдей отырып, ұлт татулығын сақтаймыз – Н. Митчинова

Астана. 13 ақпан. Baq.kz – Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облысында өткен көшпелі отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы ғылыми-сараптамалық орталығы төрағасының орынбасары Нина Митчинова Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай облыста жыл бойы атқарылатын шаруалар мен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан Мемлекет басшысының сын-ескертпелерін орынды деп санайтындығын білдірді.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының құрамында қызмет атқаратын 27 этномәдени бірлестікте бүгінгі таңда 100-ден астам этнос пен халық өкілдері бар екен. Ал оның құрамына облыстан 14 адам кіреді. Жалпы ассамблея мүшелерінің саны 118 адамды тұрады. Сонымен қатар, мұнда этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және өңірдегі БАҚ басшылары кіреді. Облыс аудандары мен қалаларында қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді, олардың негізгі мақсаттары қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады.

- Тиімді жұмыс жүргізу мақсатында облыстық ассамблеясының жанында ғылыми-сараптамалық орталық, журналистер клубы, балалар мен жастар ұйымдарының қауымдастығы, аналар кеңесі, мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығы, халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қауымдастығы құрылып жұмыс істеуде. Облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін Елбасының ҚХА ХХ сессиясында берген тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың тамыз айында жаңа Достық үйі ашылып, онда 15 этномәдени орталық өз жұмыстарын жүргізу үстінде. Ғимаратта репетиция бөлмелері, хореографиялық залдар, кітапханамен қатар, этностардың халықтық сәндік-қолданбалы өнер туындыларынан қойылған тұрақты көрме бар. Ана тілдерін оқыту сыныптары ашылған, оларда 150 оқушы оқиды, - дейді Нина Ивановна.

Жалпы, ҚХА жылы шеңберінде Ақмола облысында жыл бойы 500 іс-шара өткізу жоспарланған. Іс-шаралардың негізгі мақсаты халықтың бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісім саясаты аясында қоғамды жұмылдыра отырып, Н. Назарбаевтың «Біртұтас ел – біртұтас халық» этносаралық төзімділік және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қағидаттарын кеңінен көрсету болып отыр.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер