Ұлыстарды ұйытқан ұлттық өнер (ФОТО) - ҚХА|25 Ақпан 2015, 13:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлыстарды ұйытқан ұлттық өнер (ФОТО)

Астана. 25 ақпан. Baq.kz – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай, «Жиырма игі іс» республикалық жобасының аясында тақырыптық концерттік бағдарлама өтті. Оның ойдағыдай ұйымдастырылуына «Эльбрус» Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балкар» қоғамдық бірлестігі және Қанат Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары мұрындық болды.

Жиын барысында сөз алған «Эльбрус» Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балкар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Байрамкулова Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыл ішіндегі жетістіктерге баса назар аударды.

- Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің саяси жүйесінiң толық құқықты субъектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері нақтыланып, елімізде өмір сүретін өзге ұлттардың дәстүрi мен тілі, мәдениеттерінің дамуына керекті жағдайлар жасалған. Ассамблея этносаралық қарым-қатынастардың сұрақтарын тиімді шеше алатындығын дәлелдеді. Сол арқылы Қазақстан Республикасының халықаралық абыройының өсуіне мүмкіндік туғызды, - деді ол.

Концертік бағдарлама «Чипчик» вокалдық тобының орындауындағы «Мекенім Қазақстан» әнімен басталды. «Минги Тау» және «Алан» би ансамблдері, сондай-ақ «Къуанч» вокалдық тобы орындау шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті. Өнерпаздардың қойылымдары көпшілік көңілінен шығып, ұлттық нақышта арнайы тігілген киімдер көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Назарларыңызға Павлодар Достық үйі ұсынған суреттерді ұсынамыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер