Тайқазанның тұрақтылыққа қосар үлесі зор – Р.Халмұрадов - ҚХА|09 Ақпан 2015, 16:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тайқазанның тұрақтылыққа қосар үлесі зор – Р.Халмұрадов

Астана. 9 ақпан. Baq.kz – Мәжіліс депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Розақұл Халмұрадов «Тайқазанның» республика көлеміндегі елді-мекендер мен ауыл-аймақтарды аралауының астарында терең мән жатқандығын тілге тиек етті. «Қазақта мынадай дана сөз бар: «түтінің түзу шығып, қазаның оттан түспесін» деген. Осы тұрғыдан келгенде, «Тайқазанның» ел аралау «сапарына» дән ризамын», - дейді ол өз сөзінде. 

- Қазан – ол біздің өміріміздегі жоғары маңызға ие тұрмыстық зат. Десек те, оның құндылығында шек жоқ. Ал енді еліміздегі ассамблея жылында жай ғана қазан емес, сонау ата-бабамыздан бізге көне жәдігер ретінде мұра болып келе жатқан Тайқазанның ел аралауына мен өте-мөте разымын. Өйткені, бұл іс еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыстардың өкілдері бөлініп-жарылмай ортақ қазаннан ас-су ішіп жегеніндей ой тудырады. Мұның психологиялық тұрғыдан да ел азаматтарына жағымды әсері тию керек деп ойлаймын, - дейді ол.

Сонымен қатар, депутат өз сөзінде қоғамның ауызбірлігін сақтай отырып, тату-тәтті тұрмыс кешудің тамырын тереңдете түсу үшін мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып отырғанын қалайтындығын білдірді.

Айта кетейік, осыдан үш күн бұрын Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының жылы ресми түрде ашық деп жарияланды. Шара аясында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Түркістаннан әкелінген эстафетаның басты нышаны болып табылатын Тайқазанды салтанатты түрде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинге табыстаған болатын. Ендігі жерде Тайқазан жыл соңына дейін өңірлер мен аймақтарды аралап, жылды қорытындылайтын жиынға қайта әкелінеді деп жоспарланған. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер