BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Сыр елі - достық мекені» достық керуені ҚХА жылына орай мерекелік шара ұйымдастырды

Астана. 24 маусым. Baq.kz – Өткен жылдан бері Қызылорда облысында «Сыр елі - достық мекені» атты достық керуені жұмыс жасап келеді. Керуеннің құрамында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтары бар.

 

 Ағымдағы жылдың 23 маусымында Қызылорда қаласының демалыс паркінде Достық керуенінің ҚХА 20 жылдығына арналған мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық Ассамблея хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Концертке жиналған қауымға Қазақстан халқы ассамблеясының мақсаты мен міндеті, атқарып жатқан қызметі туралы айтып, ең басты байлығымыз - бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтуға шақырды.

Көңілді шарада түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, билері биленді. Сонымен қатар концерттік бағдарламаға Бекзат Молдабергенов, «Қорқыт құрамасы» КВН командасы, т.б. өнерпаздар өз өнерін көрсетіп, еліміздегі тыныштық пен татулық, бірлік пен берекені бағалаудың маңызды екенін атап өтті.

Алдағы уақытта Достық керуені өз жұмысын жалғастырады.

Айта кетейік, биыл елімізде Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтіп жатыр. Айтулы мерейтой аясында республиканың барлық аймағында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Көпшілігі халықтың әлеуетін, руханиятын арттыруға бағытталған.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер