BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШҚО ұстаздары «100 нақты қадамның – Біртектілік және бірлік» бағытын талқыланды

 Астана. 11 маусым. Baq.kz - Республикалық ақпараттық-насихаттық топты бастап келген ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев ШҚО ұстаздарымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадамды» жүзеге асыру, алдағы межелерді бағындыру жолдарын кеңінен талқылай отырып, «Біртектілік және бірлік» бағытын табысты іске асыру бойынша ой алмасты, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

 Кездесу барысында С. Жолдасбаев Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадамды» түсіндіру, елмен бірге талқылау бойынша барлық өңірлерді аралап өткенін, неліктен нақты 100 қадам екенін кеңінен түсіндіріп өтті.

«Еліміз алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына еніп, экономикасы әлеуетті елге айналуды жоспарлап отыр. Ұсынылған 100 қадамның 15-і мемлекеттік аппараттың кәсібилігін жоғары деңгейге жеткізуге, 19-ы – сот және құқық қорғау органдарының нәтижелі жұмысын күшейтуге, 50-і жоғары технологиялы, экономикасы қуатты елге айналдыруға бағытталған. Бүгінгі талқылап отырған «Біртектілік және бірлік» бағыты бойынша 6 қадам қарастырылған», – деген С. Жолдасбаев бағыт бойынша әрбірін талдап өтті.

Бұл салада бірінші қадам «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу арқылы білім беру саласындағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу болса, екінші қадам – ҚХА-ның «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында өрбімек. Үшінші қадам – «Менің елім» азаматтық біртектілігін нығайту бойынша Ұлттық жоспарын құру, Төртінші қадам – ортақ еңбек идеясы бойынша Ұлттық жоспар құру және жүзеге асыру, бесінші – «Нұрлы Болашақ» жобасын құру және жүзеге асыру, алтыншысы – 5 инстуционалдық реформаның жүзеге асу барысын ақпараттық қолдау аясында жүзеге асырылмақ.

«Бұл қадамды нақты жүзеге асыру үшін ең алдымен жүйелі жұмыс жоспары жасалады. Бағыт аясында «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлері құрылады. Интернет портал және Қазақстан энциклопедиясы жасалады,» – деді С.Жолдасбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер