BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Олег Дымов бірініші дәрежелі «Святые Кирилл и Мефодий» орденімен марапатталды

 Астана. 10 маусым. Baq.kz - Бүгін Ұлттық кітапханада ҚХА төрағасының орынбасары, болгар этномәдени орталығының жетекшісі Олег Дымовты Болгарияның мемлекеттік бірініші дәрежелі «Святые Кирилл и Мефодий» орденімен марапатталды.

 Айта кетейік, «Святые Кирилл и Мефодий» ордені –Болгария Республикасының мемлекеттік наградасы болып табылады.
«Олег Григорьевич елбасының арнайы қаулысымен ҚХА-ның 22 сессиясында ҚХА төрағасының орынбасары ретінде тағайындалған болатын. Тәуесіздіктің алғашқы күндерден бастап, елбасының жанында ассамблеяны құруға тікелей ат салысқан азаматтың бірі. Еліміздің өркендеуіне көп еңбек еткен қоғам қайраткері. Бүгінгі марапатқа лайықты тұлға» деді ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Лұқпанұлы.

Олег Дымов 1964 жылы Павлодар облысы, Краснокутск ауданында дүниеге келген. 45 жылдан астам өмірін мемлекеттік қызметте, оның 14 жылы ҚХА кеңесінің мүшесінде қызметінде адал еңбек етіп келеді. Этносаралық қатынас бойынша оннан астам кітаптың, үш өлең жинағының авторы. Осы кезге дейін төрт медальмен және Елбасының екі алғыс хатымен марапатталған.

«Бүгінгі күн мен үшін өмірімдегі ең ұмытылмастай күн болғалы тұр. Мен Қазақстанда туғаныма мақтан етемін, еліммен мақтана аламын. Өзім Павлодар облысында дүниеге келдім. Өмірлік жарымды тауып, сол жақта отбасын құрдым. Қазіргі кезде екі бала тәрбиелеп отырмын. Мен ең бірінші Елбасымның алдында басымды иемін, маған тапсырған әрбір жұмысын бағалаймын. Ал, бүгін бірінші дәрежелі орден алып жатқаныма өте қуаныштымын. Ары қарай да елім үшін тынбай еңбек етуге бар күш жігерімді салуға тырысамын» деді О.Дымов.

Айта кетейік, іс шараға ҚХА мүшелері, «Нұр Отан» мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер