Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі Еуропа жұртшылығына таныстырылды - ҚХА|15 Қаңтар 2015, 12:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі Еуропа жұртшылығына таныстырылды

Астана. 15 қаңтар. Baq.kz – Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің моделін Уппсала қаласында (Швеция) өткен Этносаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық конференциясында таныстыру туралы» брифингі өтті.

Оған спикер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмед Мурадов пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары, социология ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова, Білім және ғылым минстрлігі, Философия, саясаттану және дінтану институтының бөлім меңгерушісі, Алматы қаласындағы ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы, философия ғылымдарының докторы Мұхтарбек Шайкемелев және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы МСҰМ «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының профессоры, саясат ғылымдарының докторы, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Жаңылған Жүнісова қатысты.

Брифинг қатысушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде этносаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған Уппсала университетіндегі (Швеция) халықаралық конференция туралы әңгімеледі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның екінші жартысында Швецияның Упсала қаласындағы Уппсала университетінде этносаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық конференция болып өткен болатын. Ал бұл іс-шараны Уппсала университеті, Азшылық мәселелері жөніндегі Еуропа орталығы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырған еді.

- Қазақстандық делегацияның конференцияға қатысу мақсаты халықаралық ғылыми қауымдастық алдында Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің моделін, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім саясатының қағидаттарын таныстыру болды және біз осы мақстаымызға жете алдық, - деді Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары, социология ғылымдарының докторы Айгүл Кәкімбекқызы.

Сонда-ақ, үш күнге созылған конференцияда еліміздің ғалымдары Қазақстанның ашықтық, сенім және этносаралық келісім қағидаттарын ұстанатындығын және Қазақстан халқы Ассамблеясының аталған қағидаттарды жүзеге асырудағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар азаматтық қоғам, этностық топтар мен мемлекет арасындағы ынтымақтастық пен диалогты дамыту саласында өзге елдердің тәжірибесімен танысты.

Конференция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін ұйымдастырылды.
 

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

Суретті түсірген - Ғабит МАДАЛИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер