ҚХА-ның жалауы Шымкентте де биіктен желбіреді (ФОТО) - ҚХА|06 Ақпан 2015, 16:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА-ның жалауы Шымкентте де биіктен желбіреді (ФОТО)

ШЫМКЕНТ. 6 ақпан. Baq.kz - Қазақстан халқы Ассамблеясының жалауы Шымкентте де көтерілді. 

Шымкенттің жаңа әкімшілік орталығында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуы» салтанатты шарасы өтті. ҚХА жылының жалауын көтеру мәртебесі Оңтүстік Қазақстанның 8 дарынды спортшысына бұйырды.

Алаңда ондаған студент қатысқан жастардың флеш-мобы ұйымдастырылды. Жүздеген шарды көкке ұшырған соң, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы логотипінің көшірмесі мен жалауын және аймақтың гербін көтерді. Шара Түркістан сарайында жалғасты. Мұнда Елбасының құттықтау сөздерін ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев көпшілікке оқып берді.

«Қазақстан аз уақыттың ішінде даму жолында айтарлықтай қадам жасады. Елімізде экономика, азаматтық қоғам жақсы дамып келеді. Бізде 120 ұлт өкілі бейбіт өмір сүруде», - деді ол.

Бұл жерде Жыл символы - тайқазанды тапсыру рәсімі өтті. «Президент тәуелсіздік, еркіндік және бірлік басты құндылығымыз болып қалатынын айтты. Осы құндылықтар негізінде Қазақстанды алға жетелейміз», - деді ОҚО славян этно-мәдени орталығының жетекшісі Юрий Кирюхин.

Шығармашылық ұжымдардың концерті мерекелік көңіл-күй сыйлап, шараның ажарын аша түсті. 

 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер