ҚХА депутаттары 472 елді мекенде 1 199 кездесу өткізген - ҚХА|05 Маусым 2015, 18:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА депутаттары 472 елді мекенде 1 199 кездесу өткізген

Астана. 5 маусым. Baq.kz – Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты әрі Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған депутаттық топтың мүшесі Виктор Киянский депутаттардың 472 елді мекенде 1 199 кездесу өткізгендігін мәлімдеді.

 

- Біздің әріптестеріміз өңірлердегі жұмыс аясында еліміздің барлық облыстарында болып, Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы», «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат бір мүдде, бір болашақ», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» 100 нақты қадам – Ұлттық жоспары» жолдаулары бойынша 472 елді мекенде 1 199 халықпен кездесу шараларын өткізді. Сонымен қатар, 1 422 адамды жеке қабылдап, БАҚ-та 762 материалдар мен мақалалар жариялады, - деді В. Киянский.

Депутаттың айтуынша, мәжілісмендер ҚХА-ның барлық іс-шараларын, республикалық және өңірлік оқыту семинар-тренингтерін өткізуге атсалысқан.

Айта кетейік, биыл елімізде Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтіп жатыр. Айтулы мерейтой аясында республиканың барлық аймағында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Көпшілігі халықтың әлеуетін, руханиятын арттыруға бағытталған. ҚХА Төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, Ассамблея жылы аясында жыл соңына дейін мыңдаған шара өткізілетін болады. Олардың қатарында, ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге атсалысу сынды шаралар бар.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер