ҚХА аясында «Тiл - татулық тiрегi» республикалық байқауы өтуде - ҚХА|20 Ақпан 2015, 13:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА аясында «Тiл - татулық тiрегi» республикалық байқауы өтуде

Астана. 20 ақпан. Baq.kz – Бүгін Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында «Тіл-татулық тірегі» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтуде. Айта кетейік, бұл байқау республика көлемінде ағымдағы жылдың 12 қаңтарында бастау алған болатын. Нәтижесі ертең жария болады деп күтілуде.

- Егер білсеңіздер осыдан нақ 15 жыл бұрын 21 ақпанды ЮНЕСКО Дүниежүзілік тіл күні ретінде жариялаған боалтын. Бүгінгі өтіп жатқан шара, аталмыш мереке аясында ұймдастырылып жатқанын ескерткім келеді. Өйткені, біздің елімізде негізгі заң бойынша мемлекеттік тіл туған тіл болып табылады және ол баршаға ортақ. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тұрады және олардың өз тілдерін меңгеруге барлық жағдай жасалған. Осыған орай тілдерді үйренуді ұйымдастыру Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы жүзеге асырылу үсітнде, - деді ҚХА хатшлығының меңгерушісі Нәзипа Ыдырысқызы.

Айта кетейік, байқаудың мақсаты елімізде тұратын өзге ұлт пен этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру болып отыр. Оның бірінші кезеңінде қатысушылар «Бүгінгі таңда қазақ тілін білу неге маңызды?», «Мен неге қазақ тілін үйренгім келеді?», «Қазақ тілін үйренудің өзіндік ерекше тәсілдері»,«Менің интернационалдық отбасым біз үйде қазақша қалай сөйлесеміз», «Тіл бірлігі мен ана тілін, қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерді білемін» тақырыптары аясында қысқаша бейнероликтер түсірумен жалғасын тапты.

Жалпы, шараның ойдағыдай ұйымдастырылуына Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұжымы бастамашы болды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер