ҚХА аясында Атырауда бұқаралық спорттан жарыс өтеді - ҚХА|27 Ақпан 2015, 14:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА аясында Атырауда бұқаралық спорттан жарыс өтеді

Астана. 27 ақпан. Baq.kz – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен биыл Қазақстан халқы ассамблеясы жылы болып жариялануына орай, Атырау облысында бір мезгілде 20 мың адамның қатысуымен өтетін бұқаралық спорттық жүгіру ұйымдастырылады деп күтілуде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жалпыхалықтық жаппай жүгіру шарасы 1 наурыз күні сағат 11:00 -де «Салтанат» сарайынан бастау алып, «Исатай-Махамбет» алаңына дейінгі аралықта өткізілмек. Мәре сызығына жеткеннен кейін, алаңда облыс әкімі қатысушыларды «Ең жас қатысушы», «Ересек жастағы қатысушы» және «Белсенді қатысушы» номинациялары бойынша марапаттайтын болады.

Сондай-ақ, қала жұртшылығы осы күні бірнеше ойын-сауық бағдарламаларына қатысады деп жоспарланған. Соның бірі бір мезетте 20 000 шарды әуеге ұшыру флеш-моб акциясы мен күндізгі мерекелік от шашу және өңірдегі этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастыру арқылы жиынның соңы концерттік бағдарламаға ұласатын болады.

Айта кетейік, шараның басты мақсаты облыс тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, бірлік пен достықты насихаттау болып табылады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер