ҚХА-20 жыл: Украин халқының салт-дәстүрі - ҚХА|20 Мамыр 2015, 21:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА-20 жыл: Украин халқының салт-дәстүрі

Астана. 20 мамыр. Baq.kz – Бір тудың астында бір үйдің бауырларындай күн кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің бірі – украин халқы. Атадан балаға жалғасып отырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарын, зерттеп қарасақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұқсастықтарын айқын байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде жергілікті халықтың тұрғындармен етене сіңісіп, өз дәстүрін сақтай отырып, өзгенің мәдениетін бойына дарыта білгендігінде. Өзге елде тұрып, өз жауһарларының бірі салт-дәстүрі, тілі болсын, әлгі күнге дейін өшірмей мәңгілік ұрпаққа мұра етіп келеді.

Басқа да көптеген халықтар сияқты украиндықтарда да христиандық ғұрыптар мен пұтқа табынушылық ғұрыптардың ұқсастықтары байқалады. Мысалы, святкалар кешкі үстел басындағы отырыстармен, рухани әңігімелесу, магиялық әрекеттермен, салттық тамақтармен бірге жүрген. Рождествода колядкалар (әзіл-ысқақ әндер) айтқан, балалар көршілерінің үйіне бидай сепкен. Масленицада орыстар сияқты жұқа құймақтар, варениктер пісіріп, ат жегілген шанамен бір-біріне қонаққа барған. Пасхада хоровод жасап, сауық-сайран құрып, ғұрыптық тағамдар: боялған жұмыртқа, бал, шұжық, қуырылған тоай дайындаған. Троицада хаталары мен қақпаларын бұтақтармен безендірген. Иван Купала мерекесінде биік жарда қиып алынған ғұрыптық ағашты орнатып, оны гүлдермен (марена — купала) әшекейлеп, алау жағып, бал ашқан. Бұл мерекелердің барлығы бұрынғыдай болмаса да қазіргі уақытқа дейін аталып өтіледі. Украиндықтардың өміріне көптеген жаңа мерекелер енген. Украиндықтар тамыры жалпы славяндық және ежелгі орыс кезеңінде жатқан ежелгі поэтикалық мәдениетін ерекше қадірлеп, қастерлейді. Пұтқа табынушылық кезең адам мен табиғаттың ажырамастығымен, құдайлардың көптігімен белгілі. Ежелгі Русьтің христиан дінін қабылдауы жаңа, рухани, зияткерлік құндылықтардың араласуына алып келді. Ежелгі орыс әдебиеті деп аталатын, орыс поэзиясының шыңы "Слова о полку Игореве" дастаны украин мәдениетінің де бастауы болып табылады.

Украин халқында ерекше саналатын салт-дәстүрлердің бірі – ыдыс шағу ырымы. Бұл дәстүр адам өміріндегі өзгерістерге байланысты орын алады. Мысалы, адам дүниеге келгенде, үйлену тойында немесе адам қайтыс болғанда. 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер