«ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасы Павлодар облысына беріледі - ҚХА|18 Ақпан 2015, 14:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасы Павлодар облысына беріледі

 Астана. 18 ақпан. Baq.kz – Бүгін «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасы жəне СҚО тұрғындарының жарқын істерімен толтырылған "Тайқазан" Павлодар облысына тапсырылады. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде СҚО əкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова айтты.

 - Бүгін бірлік пен берекенің белгісі "Тайқазанды" республикалық эстафета аясында Павлодар облысына береміз. 129 этноорталықтарда этностар мен мəдениеттердің басын қосып отырған бірегей СҚО "Тайқазанды" облысымыздың игі істеріне толтырды деп ойлаймыз. 12 ақпан күні «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасын қабылдағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы оны «Алтын жүрек» қайырымдылық акциясына жалғастырды. Біз «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасы аясында облысымыздағы əлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың барлығын қамтыдық. Оның ішінде ең маңыздылары жетім балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне қайырымдылық және демеулік көмек көрсетуге бағытталған көмектер. Біз ҚХА жылы қазақстандықтардың бірлігін туған жеріміздің гүлденуі жолында бұрыңғыдан да нығайта түсіретіндігіне сенеміз, - деді.

Сонымен қатар, акция аясында 14 ақпанда облыстық ҚХА ЭМБ төрағалары Аққайың ауданының Смирнов қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйіне барды (200-ден аса адам). Бару барысында концерт ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ 14 ақпанда ЭМБ төрағалары Қызылжар ауданының Соколовка жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы (коррекциялық) мектеп-интернатқа барды. Аталған мекемеде 38 бала тәрбие көруде. Оларға да мерекелік концерт ұйымдастырылып, бағалы сыйлық тарту етілді

15 ақпанда Мамлютка шипажайлық мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне (150-ден астам адам) сыйлық ретінде спорт бұйымы табыс етілді.

16 ақпанда облыстық ҚХА өкілдері Жамбыл ауданы Пресновка а. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, сыйлықтар тарту етті.

17 ақпанда Петропавл қ. облыстық қуыршақ театрында жетім балаларға, мүгедек балаларға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға (150 адам) арналған көрсетілім өтті.

«ҚХА – 20 ізгі іс» акциясының аясында облыстың әрбір мекемесінде 2015 жыл ағымында қайырымдылық іс-шараларын, сондай-ақ Қазақстанда бейбітшілікті, достық және келісімді сақтауға бағытталған іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Халықаралық әйелдер күні 8 наурызды мерекелеу аясында Қарттар үйінің тұрғындарына арналған «Рақымшылық дәуірі» атты қайырымдылық концертін өткізу жоспарланып отыр.

Көп балалы отбасылардан шыққан спортсмен балаларға арналған қайырымдылық акциясын, «Аналарды аялайық!» атты көп балалы аналарға арналған концертті, жетім балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін «Балалар мерекесін», «Үміт» атты мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін спартакиада өткізу жоспарланып отыр.

Облыстық ҚХА жастар қанаттарымен өткізіледі: Қарттар үйлерінде студенттік концерттер; «Ардагерлерді ардақтайық!» атты ардагерлерге көмек көрсету жөніндегі акциясы; ҰОС ардагерлеріне арналған «Мейірімділік» атты қайырымдылық акциясы; ҰОС қатысушысы
Р.П. Волошенконы мәңгі есте қалдыруға арналған мемориалдық тақтаны орнату; ҰОС қатысушыларының, саяси репрессиялар мен жер аударулардың құрбандарының жерленген орындарын аббаттандыру жөніндегі сенбілікті ұйымдастыру.

ҚХА қамқорлығының аясында ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетіледі. 2015 жылғы ақпанда облыстық ҚХА-да қоршаудағы Ленинград тұрғындарымен дөңгелек үстелде кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қоршаудағы Ленинград тұрғындарының әрбіреуіне естелік сыйлықтар табыс етілді.

Үстіміздегі жылғы қаңтарда облыс басшылығы, мемлекеттік органдар өкілдері, Солтүстік Қазақстан облыстық ҚХА ЭМБ төрағалары мен өкілдері, білім мекемелері және денсаулық сақтау мекемелері 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне гүл қоюға қатысты.

2015 жылы «Мамаев курган» кешенін алғаш көрсету, «Сол ұлы жылдарға бас иейік» концерті, ҰОС ардагерлері-қатысушылары, тыл еңбеккерлері, ІІБ зейнеткерлерінің Алматы қ. «Қазақстан» шипажайына сапарларын ұйымдастыру, Кеңес Одағы Батырларының есімдерін иеленген гүлзарлар мен көшелерге ағаш отырғызу және аббаттандыру жөніндегі акциясы жоспарланып отыр.

Жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа 2015 жылғы мамырда «Бірге жасайық», Бейбітшілік пен келісім автосайысы акциясын өткізу, «Достық саяжолын» отырғызу, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын, «Мектепке - кітап» акциясын ұйымдастыру, қайырымдылық сенбіліктерді, сондай-ақ Қызылжар ауданының 13 ауыл елді мекендерін қосумен Соколовский топтық су құбырын қосу жоспарланып отыр.

Жалпы ҚХА жылы аясында Солтүстік Қазақстан облысында жыл ағымында 500-ден аса іс-шара өткізілетін болады. Барлық іс-шаралардың негізгі бағыты болып халық бірлігін нығайту, қоғамды бейбітшілік пен келісім саясатының айналасында шоғырландыру, Н.Ә. Назарбаевтың «Бір ел – бір халық» атты этнос аралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделіне негіз болған қағидасын іс жүзінде көрсету болып табылады.

Айта кетейік, 2015 жылғы 12 ақпанда «ҚХА – 20 ізгі іс» акциясының белгісі «Тайқазанды» Акмола облысынан Солтүстік Қазақстан облысына беру өтіп, эстафетаны облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Дүйсенова қабылдап алған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер