«ҚХА - 20 ізгі іс» эстафетасы Өскеменге жеткізілді - ҚХА|25 Ақпан 2015, 16:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«ҚХА - 20 ізгі іс» эстафетасы Өскеменге жеткізілді

Астана. 25 ақпан. Baq.kz - «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» эстафетасы мен достық нышанына айналған «Тайқазанды» шығысқазақстандықтар Өскемен қаласына кіре берістегі Қабанбай батыр ескерткішінің алдында күтіп алды.

 

Қазақстан Республикасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының туын желбіреткен автокөліктер легі қала ішін аралай жүріп, эстафета символды автокөлікті Республика алаңындағы Абай ескерткішінің алдына жеткізді. ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, эстафетаны қабылдау рәсіміне облыс әкімдігі мен ҚХА, әр этностың ұлттық киімін киген этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Тайқазанды Абай ескерткішінің алдына «батырлар» көтеріп алып келді. Республика алаңында қазақ күйлері шертіліп, ақ кимешекті әжелер шашу шашты. Салтанатты рәсімнен кейін «Subaru club ukg» автокөліктерінің легі ардагерлер мен көмекке зәру адамдардың үйлеріне материалдық көмек көрсетуге аттанды. Әр ұлттың бас қосуы республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыстық «Достық үйінде» өткізілген баспасөз мәслихатына жалғасты.

Еркінбек Аязбаев, ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі - Осы уақытқа дейін Павлодар облысынан шығып, Бесқарағай ауданы және Семей қаласы арқылы келген «Тайқазан» Шығыс Қазақстанда 27 ақпанға дейін болады. 27 ақпанда біздің өңірімізге Алматы облысының өкілдері келеді. Эстафета Қазақстан халқы Ассамблеясының 22 сессиясы өткен күні аяқталмақ. Аймағымызда «Қазақстан халқы Ассамблясының - 20 ізгі ісі» ардагерлер мен зәру адамдардың арнайы үйіне барып көмек көрсетуге бағытталмақ.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер