BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазпошта» ҚХА-ның 20 жылдығына арналған марка шығарды

 Астана. 25 маусым. Baq.kz – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған марканың бірі почта блогының айналымына шығарылды. «Естелік және мерейтойлық күндер» сериясы бойынша шығарылған марканың номиналы 200 теңгені құрайды, деп хабарлайды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінен.

 

 Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында алғаш рет айтқан болатын. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде мәртебесін айқындайтын Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлық шықты. Кейіннен Қазақстан халқы Ассамблеясы берік құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық орган болып өзгерді.

Жоғарыда аталған марка 4 бояудағы офсетті тәсілмен жасалған, блок өлшемі 104х72 мм, марка өлшемі 52х36 мм, тираж 5 мың данадан тұрады, дизайнын суретші Сергей Маршев әзірледі. Почта блогы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

Айта кетейік, биыл елімізде Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтіп жатыр. Айтулы мерейтой аясында республиканың барлық аймағында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Көпшілігі халықтың әлеуетін, руханиятын арттыруға бағытталған.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер