Қазақстандағы ассамблея жылы – өзгеге үлгі боларлықтай – Ветьнам елшісі - ҚХА|09 Ақпан 2015, 20:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандағы ассамблея жылы – өзгеге үлгі боларлықтай – Ветьнам елшісі

Астана. 9 ақпан. Baq.kz – Ветьнам елінің Қазақстандағы елшісі Нгуен Ван Хой да отандастарымыздың ортақ мерекесі – Қазақстан халқы ассамблеясының салтанатты жағдайда ресми ашылу рәсіміне қатысып, қазақстандықтардың қуанышына ортақтасатындығын білдірді. Ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына оң бағасын беріп, қажет болса көпұлтты елдерге бұл әдісті үлгі ретінде алуға кеңес берді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
 

- Қазір әлем елдеріне көз салсаңыз, көп жерде ұлтаралық жанжалдар мен қоғамдағы түрлі әлеуметтік келіспеушіліктер жиі көрініс беріп келеді. Тұрмыстық қажеттіліктердің жетіспеушілігінен тұрақсыздығы тұралап жатқан мемлекеттер қаншама?! Осы орайда, Қазақстанға сырт көзбен қарасақ, жағдай тұрақты. Халық бейбіт өмір сүріп, үлкенді-кішілі қиындықтарды өзара ұйымшылдықпен ынтымақтаса жеңіп келеді. Сондықтан да, мен Қазақстан Республикасының осы күндері қолға алып жатқан шараларын толық қолдаймын және оның ойдағыдай ұйымдастырылуына осы Қазақ жеріндегі Ветьнам елшілігі де шама-шарқынша үлес қосып, айтулы мерекені бірлесе тойлауға атсалысатын болады, - дейді елші Ван Хой мырза.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда республика көлемінде атап өтілетін ҚХА жылының ресми ашылу жиыны өтті. Оған облыс орталықтары мен ірі қалаларда орналасқан ҚХА филиалдары мен этномәдени орталықтарының өкілдері белсенді түрде қатысты. Мемлекеттік тұрғыда бастау алған мұндай іс-шара енді жыл бойы тойланатын болады деп күтілуде.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер