Қазақстанда - Хазар, Әзірбайжанда - Қазақ ауданы - ҚХА|19 Ақпан 2015, 12:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда - Хазар, Әзірбайжанда - Қазақ ауданы

Астана. 19 ақпан. Baq.kz –Қазақстан мен Әзірбайжан стратегиялық серіктес қана емес, бауырлас мемлекеттер. Бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымы 4 миллиард долларды құрайды. Ынтымақтастық барлық салаларда дамып жатыр. Әзірбайжан халқы қазақтың және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпайды. Оның ұстанымды позициясының арқасында Армения Кеден одағына кіру барысында өзінің құрамдас бөлшегі ретінде Таулы Қарабақтан бас тартуға мәжбүр болды. Осылайша, халықаралық құқық ұстанымдары сақталды. 

Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді бірегей орган құрған жалғыз мемлекетпіз. Бұнда өз тіліміз бен мәдениетімізді үйренуге сөз жүзінде емес, іс жүзінде жағдай жасалған. Барлық ірі қалаларда Әзірбайжан мәдени орталықтары жұмыс істейді. Астанада «Хазар» би және музыка ұжымдары бар. №14 орта мектептің базасында Қазақстанның бюджетінің есебінен қаржыландырылатын жексенбілік мектеп қызмет етеді. Бір қуантарлық жайт, ол жерде әзірбайжан тілін тек әзірбайжандар емес, қазақ, орыс, басқа да ұлт өкілдері үйренуде. Біздің «Тұран Times» деп аталатын газетіміз халықаралық мәртебеге ие болып, әлемнің 5 елінде жарық көреді. Қазақстан 130 ұлт өкіліне, оның ішінде әзірбайжандарға туғанындай болып кетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық келісім біздің басты байлығымыз.

Р.S: Бүгінгі таңда Қазақстанда 200 мыңнан астам әзірбайжан ұлтының өкілдері тұрады. Соның ішінде 5 мыңға жуығы Астанада. Ал Әзірбайжан елінде шамамен 6 мыңнан асьам қазақ бар, олар сол жерге ХІІ ғасырда барып, осы күнге дейін өмір сүріп жатқан қыпшақтардың ұрпағы. Сондай-ақ, Әзірбайжанда Қазақ ауданы бар. 

 

Видади Салахов,

Әзірбайжан мәдени орталықтары одағының президенті


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер