Қазақстан - мәңгілік достығымның мекенісің - ҚХА|24 Ақпан 2015, 09:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан - мәңгілік достығымның мекенісің

Астана. 24 ақпан. Baq.kz - «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымы Торғай аграрлық-техниклық колледжінің ұйымдастыруымен, Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20-жылдық мерейтойына байланысты «Достықтың мекенісің -  Қазақстан» тақырыбында мәдени іс-шара өтті.

Мәдени шараға Арқалық қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Хамзин мен Ассамблея мүшесі қарт ұстаз Жәнібек Ғапбасұлы шақырылды.

Көп ұлтты қазақ елінің шаңырағы биік, керегесі кең, өзге елдермен терезесі тең болуының негізгі себептерінің бірі ұлттар достығының өзара үндестік табуы. Татулық пен бірліктің жалауы биік желбіреуінің негізгі астарында «Тілі басқа болғанмен тілегі бір, діні басқа болғанмен жүрегі бір» ағайындарымызбен өзара тату-тәтті, ынтымақта ғұмыр кешуі жарқын көрініс табады.

Бастауы тікелей елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының идеясымен құрылған Қазақстан халықтар Ассамблеясы 20-жыл мерзім ішінде өз бағытының дұрыстығын айқындап берді. Арманы асқақ, енді ғана тәй-тәй басқан мемлекет үшін «Қазақстан халықтар Ассамблеясының» үлес-салмағы зор, міндеті айқын, мақсаты маңыздылығын танытты.

«Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыңнан кетпейді» демекші, қилы заманда өзгені өзегінен теппей, бауырына тартып, бір ұзім нанымен бөліскен қазақ халқының ақ жүрегі мен мейірімін сезінгендер әлі күнге ертегінің жырындай қылып әңгімелейді. Еліміздің гұлденуі, өзге мемлекеттермен иық тіресіп табыс биігінен көрінуінде де, қазақ жерін өзінің отаны санаған өзге ұлт өкілдерінің ықпалы зор.

Мәдени шара барысында колледж студенттері өзара сұрақтар қойып пікір алмасты. Достық жөнінде әндер шырқалып, ақындардың жыр шумақтары оқылды. Осындай игі шаралар өз жалғасын таба бермек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер