И.Чкименво: Өнегелі тәрбие алған ұрпақ елі үшін адал қызмет етеді - ҚХА|09 Ақпан 2015, 08:54
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

И.Чкименво: Өнегелі тәрбие алған ұрпақ елі үшін адал қызмет етеді

Астана. 9 ақпан. Baq.kz – Басты мақсаттары елдегі бейбітшілікті сақтау болып табылатындығын айтқан «Червона Рута» украин мәдени орталығының жетекшісі Ирина Чкименво бүгінгі күні өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру керек екендігін айтады. 

- Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданындағы «Червона Рута» украин мәдени бірлестігі өзгелерге үлгі болып, салт-дәстүрлерді өскелең ұрпаққа ұмыттырмай, жаңғыртуға ат салысуда. Ассамблеяның елдегі тұрақтылықты сақтаудағы орны ерекше дегім келеді. Өйткені, біздің республиканы мекен ететін 130 ұлт тату-тәтті өмір сүрулері керек. Бізді көріп өскен балаларымыз да ісімізді жалғастырады, бейбіт өмірдің қадірін түсініп, достықты бағалай алатын болады. Президентіміз ассамблея құру арқылы бейбітшіліктің сақталу жолында теңдессіз қадам жасады. Біздің түріміз бен дініміз басқа болса да бәріміз бір үйдің баласындай өмір сүреміз. Бұл Елбасымыздың еңбегінің арқасы. Мақсатымыз - елдегі бірлікті сақтау. Сондықтан да, біз өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейміз. Осындай өнегелі тәрбие алған жеткіншектер де ертең ел болашағы үшін адал қызмет етеді деп сенеміз, - дейді ол. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер