Астана. 20 ақпан. Baq.kz – Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен келген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі тарихи нысандарды аралап көрді.


Астана. 20 ақпан. Baq.kz – Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен келген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі тарихи нысандарды аралап көрді.
- Осы жылы ұйымдастырылатын жалпыхалықтық іс-шаралардың дені елдің тұрақтылығы мен бірлігіне, халықтың татулығы мен тыныштығына бағытталмақ. Қазақстан халқы ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде ұйымдастырып, елдің тұтастығын одан әрі бекіте түсу баршамыздың міндетіміз, – деді ол.
Гүлшара Наушақызы облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспозициямен және өңір тарихына қатысты тың деректермен танысты. Сонымен қатар, ол аталған сапары барысында апатты деп танылып, қайта бой көтерген №1 А.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында және №6 колледжде болып, дуальды білім берудің қалай жүргізіліп жатқанын көзбен көрді. Бүгінде инновациалық оқу-тәрбие үрдісінде дуальды оқыту жүйесін енгізген колледжде бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 96 пайызды құрап, республикалық инновациялық жобалар байқауында үздіктер қатарына енген.
Фото: Қайсар Шерім
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!