BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ералы Тоғжанов: Елімізде ҚХА рөлін арттыру – басты міндетіміз

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облысы. BAQ.KZ. Ақтауда «Жарқынболашаққа – Жаңғыружолымен» атты Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті.

Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов өңірде Ассамблея аясында жасалған жұмыстарды қорытындылады. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өңірдегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, облысымыздағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына айтулы үлес қосып келетіндігі туралы айтып өтті.

«Біздің міндетіміз – Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру және еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау. Сондықтан, әрбір жасаған жұмыстарымызға жауаптылықпен қарауға тиістіміз. Дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылған Тәуелсіз Еліміздің алға қадам басқанында Сіздердің әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз бар! Сол үшін де Сіздерге ерекше алғысымды білдіремін. «Бірлігі бар елдің, тірлігі де берекелі болады» - деген дана халқымыз. Жұмылып жасаған ісіміздің нәтижелі болары анық», - деді Е.Тоғжанов

Сессия барысында «Вайнах» шешен және ингуш этно-мәдени бірлестігінің өкілі Д. Элимханов келесі жылдың Жастар жылы деп жариялануына тоқталды.

«Келесі жылды Елбасымыз Жастар жылы деп жариялағаны белгілі, бұл, жастарға көбірек көңіл бөлінеді деген сөз.Сондықтан,біз,өз еңбегімізбен, білімге құштарлығымызбен жәненақты істерімізбен еліміздің даңқын шығаруға міндеттіміз! Бізге тәуелсіздікті сақтау және нығайту үшін ерекше жауапкершілік жүктелді!», - деді ол.

Сессия соңында облыс әкімі Е.Тоғжанов белсенді қоғамдық қызметі, ұлттық бірлікті нығайтуға және қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі үшіноблыстық этномәдени бірлестіктер мүшелеріне алғыс хат табыстады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер