Еліміздің этносаралық татулықты сақтау тәжірибесі көп елдерді қызықтырады - ҚХА|15 Қаңтар 2015, 14:44
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздің этносаралық татулықты сақтау тәжірибесі көп елдерді қызықтырады

Астана. 15 қаңтар. Baq.kz – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің моделін Уппсала қаласында (Швеция) өткен Этносаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық конференциясында таныстыру қорытындысына қатысты өткен брифинг барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмед Мұрадов осылай мәлімдеді.

- Бүгінде біздің тәжірибеміз көптеген елдерді қызықтыратыны сөзсіз. Бұл дегеніміз Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық халықаралық институттардан – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі, Азия даму банкі, Еуропалық даму банкі және де өзге аймақтық бірлестіктерден оң көзқарастарын білдіретін, қызу қолдауға ие болып келеді. Ал посткеңестік кеңістікте біздің елдің тәжірибемі жіті зерттелу үсітнде десек, артық айтпаспыз, - деді Ахмад Сейдарахманұлы.

Оның түсіндіруінше, Н. Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қалыптастырудың қазақстандық моделі бірқатар халықаралық ұйымдар тарапынан зор қызығушылық туындатып отырған көрінеді.

- Бұл сөзімнің дәлелі ретінде Румыния үкіметінің этникалық топтарға квота бөлумен айналыса бастағанын келтіруге болады, - дейді депутат.
 

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

Суретті түсірген - Ғабит МАДАЛИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер